ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Ресей Ғылым академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының директоры Кирилл Бабаев институттардың өзара ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын талқылады.
Еркін Тұқымов екіжақты және көпжақты негізде сындарлы зерттеу диалогын нығайтудың маңыздылығына тоқталды. «Бүгінгі өзгермелі әлемде бірін-бірі түсіну тұрғысынан Қазақстан мен Ресейді өзара жүйелі деңгейде зерттеу қажеттігі бар. Сараптамалық-талдау және жалпы ғылым саласындағы тәжірибе алмасу өте маңызды. Ғалымдар мен зерттеушілер екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарды дамыту үшін сенімді, тексерілген ақпарат таратуы керек. Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің тарихи-мәдени аспектідегі дамуының келешегі мен мүмкіндігі туралы әуесқойлардың емес, сарапшылар мен мамандардың пікірі қажет».
Кирилл Бабаев Қытай және қазіргі Азия институтының ағымдағы қызметінің негізгі бағыттары мен жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы атап өтті. «Біздің институт – қауіпсіздік, сыртқы және ішкі саясат, халықаралық қатынастар, экономика және бизнес бойынша сараптама жасайды. Өткен жылы Орталық Азияны зерттеу орталығын құрдық. Біздің өзара ынтымақтастығымыз ғылыми басылымдарда да дамуы керек. Жалпы, мен елдеріміз арасындағы сараптамалық пікір алмасу ұстанымын қолдаймын».
Кездесуге қатысушылар екі мекеме арасындағы сарапшылық байланыстарды, оның ішінде бірлескен іс-шараларға өзара қатысу арқылы нығайтуға келісті. Ғылыми-сарапшылық диалогты нығайту үшін жаңа тәсілдер іздестіру және практикалық шешімдер қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.