ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Арменияға жұмыс сапарының соңында Армения Ұлттық жиналысы «Азаматтық таңдау» партиясының депутаттарымен кездесті. Армян тарапы оң жағынан атап өткен бірінші нәрсе – Қазақстанның Армения мен Әзербайжанға келіссөздер жүргізу үшін алаң беруі. Олар СІМ басшылары арасындағы бейбіт келісім Оңтүстік Кавказдың қауіпсіздігі мен дамуы үшін негіз бола алатынына сенімді.
Тағы бір кездесу ORBELI талдамалық зерттеулер орталығының қабырғасында өтті. Орталық қызметкерлері елдегі қоғамдық, саяси және экономикалық ойларды дамытуға белсенді қатысады, аймаққа байланысты аналитикалық және зерттеу жұмыстарын дайындайды. Жалпы, Арменияға сапар екі елдің сарапшылары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Талдау орталықтарының коммуникация мен тәжірибе алмасуға деген қызығушылығы Қазақстанның сыртқы саясатының күн тәртібімен – сенімді және достық қарым-қатынастарды құрумен байланысты.