Көптеген елдерде коронавирус негізінен қызмет көрсету саласына ықпал етіп, туристік және қонақ үй қызметінің құлдырауына, спорттық, мәдени және басқа бұқаралық шараларға тыйым салуға, сондай-ақ өзге де ауыр зардаптарға әкелді. Қазақстанда ЖІӨ-нің жартысынан астамын құрайтын қызмет көрсету саласы да пандемияның қатты қысымына ұшырады.
Карантиндік шектеулерді енгізу және нәтижесінде тұтынушылық сұраныстың әлсіреуі бірқатар қызмет көрсету ұйымдарының жұмысын тоқтата тұруға әкелді. Қатаң карантин кезеңінде жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылдың 2 тоқсанында 1,8%-ға төмендеді. Алайда, шектеулердің босаңсуына байланысты жыл соңына қарай қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтудың қалпына келуі байқалды.
Материалдың толық нұсқасын мына жерден қараңыз.