Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РММ, Астана қ., Бейбiтшiлiк к., 4, анықтама телефоны: +7 (7172) 75-23-55, E-mail: office@kisi.kz бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Дерекқорлармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, А2-1 санаты

Функционалдық міндеттері: Институттың мәліметтер базасына, Big Data, жасанды интеллект (AI) қажеттіліктерін талдау және тиісті жобаларды әзірлеу; институттың дерекқорларын, Big Data сақтау жүйелерін, сондай-ақ AI модельдерін құруды, өзгертуді және жаңартуды ұйымдастыру және бақылау; институттың дерекқорларында, Big Data сақтау жүйелерінде, сондай-ақ AI модельдерінде сақталатын деректердің қауіпсіздігін, тұтастығын және дұрыстығын қамтамасыз ету; пайдаланушылардың мәліметтер базасына, Big Data сақтау жүйелеріне, сондай-ақ AI модельдеріне белгіленген ережелер мен процедураларға сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру және бақылау; институттың деректер базасында, Big Data деректерді сақтау жүйелерінде, сондай-ақ AI модельдерінде қамтылған деректерді өңдеу, талдау және ұсыну әдістері мен құралдарын әзірлеу және енгізу; Big Data, AI қолдануды қоса алғанда, институтта деректерді жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; институттың мәліметтер базасы, Big Data және жасанды интеллект (AI) бөлімінің жұмысын басқару; деректер базасын, Big Data сақтау жүйелерін дамыту стратегиясын әзірлеу және институтта AI қолдану.

Лауазымдық жалақысы:

СанатыЕңбек сіңірген жылдарына байланысты
minmax
А2-1639 760777 790

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектерінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.  Деректер базасы және Big Data, жасанды интеллект (AI) саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Oracle, MySQL, PostgreSQL, Microsoft SQL Server және т.б. сияқты дерекқорды басқару жүйелерімен (ДҚБЖ), сондай-ақ MongoDB, Cassandra, Hadoop және т. б. сияқты NoSQL жүйелерімен жұмыс тәжірибесі. Hadoop, Spark, Hive, Pig және т.б. сияқты үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және талдау (Big Data) құралдары мен технологияларын білу және тәжірибе. Scikit-learn, TensorFlow, Keras, PyTorch және т.б. сияқты Машиналық оқыту әдістері мен құралдарымен (ML) білім мен тәжірибе. Python, R, Java, Scala және басқа да мәліметтер базасында қолданылатын бағдарламалау тілдерін білу және тәжірибе, Big Data, AI.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы ҚСЗИ ресми сайтында хабарландыру соңғы жарияланған келесі жұмыс күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) соңғы жұмыс орнынан сипаттамасы.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарының көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Әңгімелесу өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.Құжаттар қолма-қол немесе пошта байланыс арқылы мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 4, 502 каб., телефон: +7 (7172