Skip to content
Басты бет » Қазақстан және Швейцария. ҚСЗИ-да өзара ынтымақтастық келешегі талқыланды

Қазақстан және Швейцария. ҚСЗИ-да өзара ынтымақтастық келешегі талқыланды

8 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында директор Еркін Тұқымовтың Қазақстан мен Тәжікстандағы Швейцария Конфедерациясының жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Балмен кездесуі өтті.

Еркін Тұқымов танысу барысында Салман Бал мырзаны республикадағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, қос ел арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту ісінде табыс тіледі.

Швейцария елшісі ҚСЗИ қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, өзара қызығушылық тудыратын салаларда Қазақстан-Швейцария қатынастарын одан әрі дамыту бойынша пікір алмасты.

Қазақстандағы Швейцария елшілігінің өкілдері ҚСЗИ-ды 30 жылдығымен құттықтап, think tank-тың жаһандық контекстегі заманауи үрдістер мен мәселелерді талдаудағы маңыздылығын атап өтті.