Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ білім беру хабы аясында кезекті дәріс өтті

ҚСЗИ білім беру хабы аясында кезекті дәріс өтті

20 қыркүйек күні ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабы аясында жас зерттеушілерге арнап дәріс оқыды.

Дәріс тақырыбы – «Аналитикалық баяндама жазудың ерекшеліктері». Алуа Жолдыбалина құжаттың әзірлеу мақсатына тоқталып, баяндаманың мазмұны мен құрылымы, мәселені анықтау және өзектендіру, сондай-ақ мәселені шешудің ықтимал жолдарын әзірлеу сияқты маңызды сұрақтарға тоқталды.