2026 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚСЗИ директоры Жандос Шаймардановтың Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру (ЮНПФА) қорының өкілі, Қырғызстан мен Түрікменстан бойынша өңірлік директоры Чинве Огбоннамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы демографиялық үдерістерді зерттеу және адами капиталды дамыту бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақстан Республикасы Конституциясын іске асыру және қазіргі геосаяси сын-қатерлер жағдайындағы адами капиталды дамыту мәселелері бойынша материалдар әзірлеуді қоса алғанда, бірлескен талдамалық жұмысты жалғастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
2025 жылғы қазанда ҚСЗИ мен ЮНФПА бірлесіп «Демографиялық орнықтылық стратегиялық дамудың қозғаушы күші ретінде: Қазақстанның мүмкіндіктері» атты аналитикалық баяндаманы дайындады. Онда негізгі демографиялық үрдістер және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері қарастырылған. Аталған жарияланым Astana Think Tank Forum-2025 алаңында таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен зерттеулерді жалғастыруға дайын екенін растады.





