Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Қазақстан-Армения сараптамалық форумы өтті

ҚСЗИ-да Қазақстан-Армения сараптамалық форумы өтті

10 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты онлайн форматта Арменияның сараптамалық қоғамдастығының өкілдерімен сараптамалық форум өткізді. Іс-шара Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумының жалғасы ретінде өтті.

Форумға ҚСЗИ Халықаралық зерттеулер орталығының сарапшылары, Армения тұрақтылық және мемлекеттік басқару институты мен Лестер университетінің беделді зерттеушілері қатысты.

Сарапшылар Қазақстан мен Арменияның екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың өзара байланысы контекстіндегі өңірлік үдерістердің серпінін талқылады.