Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығының келешегі талқыланды

ҚСЗИ-да Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығының келешегі талқыланды

20 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ сарапшыларының Корея Республикасы Сыртқы Істер Министрлігі өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және олардың ынтымақтастық динамикасына әсері жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, өзара әрекеттестіктің перспективалық салаларын талқылап, қос ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Тараптар елдер арасындағы қарым-қатынасты жалғастыру өзара экономикалық дамумен қатар дипломатиялық, мәдени және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деген қорытындыға келді.