Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

2022 жылдың 6 қазанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қабырғасында директор Еркін Тұқымов Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әлемдік саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының перспективалары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметі сияқты кең ауқымды тақырыптар ортаға салынды.

Сонымен қатар алдағы «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясындағы іс-шаралар мәселесі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласып, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін растады.