Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да сандық және сапалық зерттеулер тақырыбы бойынша дәрістер оқылды

ҚСЗИ-да сандық және сапалық зерттеулер тақырыбы бойынша дәрістер оқылды

14-16 қыркүйек күндері ҚСЗИ қабырғасында «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабы аясында Біріккен Араб Әмірліктері Университетінің Үкімет және қоғам кафедрасының профессоры, ә.ғ.д. Айгүл Забированың дәрістері өтті.

Әлеуметтанушы зерттеу дизайнының негізгі түрлеріне тоқталып, сандық және сапалық зерттеулердің ерекшеліктері туралы толығырақ айтып өтті. Сондай-ақ Айгүл Забирова зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты зерттеу мәселесіне арналған зерттеу дизайнын қалай таңдау және жобалау керектігімен бөлісті.