Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институт өкілдерімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институт өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың (International Water Management Institute, IWMI) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге IWMI Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы әрі Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Барбара Януш-Павлетта және IWMI аға ғылыми қызметкері Искандар Абдуллаев қатысты.

Талқылаудың негізгі өзегі ынтымақтастықтың басым бағыттары, Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою мүмкіндіктері, сондай-ақ су қауіпсіздігі мәселелері бойынша бірлескен аналитикалық жазбаны әзірлеу болды.

Тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу, сараптамалық білім алмасу және халықаралық ғылыми-талдамалық бастамаларға қатысу арқылы серіктестікті нығайтуға өзара мүдделі екенін растады. Сондай-ақ өзара іс-қимылдың практикалық аспектілеріне, тақырыптық басымдықтарды келісуге, сараптамалық алмасу форматтарына және бірлескен аналитикалық материалдарды әзірлеу тетіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар MoU жобасын пысықтауды жалғастыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі мен су ресурстарын тұрақты басқарудың өзекті сын-қатерлеріне бағытталған бірлескен аналитикалық жазба бойынша жұмысты үйлестіруге кірісуге уағдаласты.

Дайджест жаңалықтарына жазылу