2025 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси ханыммен кездесу өтті. Сапардың мақсаты екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау және сараптамалық ынтымақтастықты дамыту болды.
Кездесу басында ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов қонақты институттың құрылу тарихымен, құрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ғылыми-талдамалық диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ерекше назар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға, сондай-ақ сыртқы саясаттың негізгі мәселелеріне аударылды. Өз кезегінде С. Аксуорси осындай пікір алмасудың өзара түсіністікті арттыру және елдеріміз арасындағы әріптестікті кеңейту үшін маңызды екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар конструктивті диалогты жалғастыруға және екі елдің талдамалық орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы ғаламдық және өңірлік үрдістерді зерттеу бойынша практикалық өзара іс-қимыл түрлерін дамытуға дайын екендігін білдірді. Өткен пікірталас Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңызды қадамы болды.




