Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ дайындаған жаңа аналитикалық дайджест жарық көрді

ҚСЗИ дайындаған жаңа аналитикалық дайджест жарық көрді

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская дайындаған «Агроөнеркәсіптік кешеннің болашағы: жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың ықпалы» атты жаңа аналитикалық дайджест жарық көрді.

Аталған дайджест агроөнеркәсіптік кешеннің болашағын технологиялық трансформациялар аясында талдауға арналған.

Қазіргі жаһандық даму кезеңінде азық-түлік жүйесі ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ресурстарының қысқаруы, табиғи ресурстардың тозуы, азық-түлікке сұраныстың артуы және геосаяси тұрақсыздық секілді бірқатар сын-қатерлерге тап болып отыр. Осындай жағдайда жасанды интеллект пен жаңа технологиялар ауыл шаруашылығының тиімділігін, орнықтылығын және бейімделгіштігін арттыруға бағытталған жаңа модельдерді қалыптастыратын маңызды факторларға айналуда.

Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауынша, аграрлық секторға жасанды интеллект негізіндегі цифрлық технологияларды енгізу табысы төмен және орташа деңгейдегі елдерде жиынтық ішкі жалпы өнімнің жыл сайын қосымша 450 млрд АҚШ долларына өсуіне мүмкіндік береді. Бұл шамамен 28%-дық өсімге тең.

Дайджестте азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығының орнықтылығын арттыруға және агроазық-түлік жүйелерін жаңғыртуға ықпал ете алатын өзекті құралдар мен шешімдерге ерекше назар аударылады.

Дайджест екі тілде қолжетімді:

орыс тілінде — https://kisi.kz/wp-content/uploads/2026/03/agro_future_compressed_under2mb.pdf

ағылшын тілінде — https://insightscentral.asia/publications/97f9732b-7a75-42c4-8ea6-643f5abc33ce

Дайджест жаңалықтарына жазылу