Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры АӨСШК Талдау орталықтары форумына қатысты

ҚСЗИ директоры АӨСШК Талдау орталықтары форумына қатысты

Қытай Халық Республикасы, Цинхай провинциясы, Синин қаласында АӨСШК Талдау орталықтары форумының 11-ші отырысы өтуде. Іс-шара ұйымдастырушылары – Шанхай халықаралық зерттеулер институты (ШХЗИ) және Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Цинхай провинциясы үкіметінің Сыртқы істер басқармасы. Биылғы форум тақырыбы – «Азияны бірін-бірі оқыту және өзара тиімді ынтымақтастық үшін құру: АӨСШК рөлі мен миссиясы».

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов «АӨСШК халықаралық ұйым ретінде: тетіктер құру және тұжырымдамалар әзірлеу» атты сессияға онлайн қатысты. Сессия АӨСШК-ны халықаралық ұйымға айналдыруға жәрдемдесу үшін жүйелі және жетілдірілген тетіктерді, сондай-ақ инновацияларды әзірлеу үшін құрылған.

Сессия қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Еркін Тұқымов талдау орталықтары мемлекеттердің сыртқы саясатының басымдықтарын анықтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

ҚСЗИ директоры нақты мәселелерді талқылау және үздіксіз диалогты қолдау үшін сараптамалық кездесулер ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай кездесулер барысында жаһандық сын-қатерлерді шешу және жанжалдарды реттеу үшін объективті талдау мен ұжымдық жұмыстың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ Азия аймағындағы экономикалық өсуді қолдау үшін көлік дәліздері мен жаңа бағдарларды дамытуға бағытталған мемлекетаралық экономикалық жобалар бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге баса назар аударды. «Азиядағы тұтыну деңгейінің өсуін және барлық өңірлердің инклюзивті экономикалық даму қажеттілігін ескере отырып, бұл өте өзекті мәселе екенін түсінеміз», – деді ол.

«Бұдан бөлек ғылыми басылымдардағы жарияланымдар арқылы әдіснамалық әзірлемелермен өзара алмасу қажет. Бұл АӨСШК елдеріндегі сарапшылар қауымдастығы арасында өзекті тақырыптарды ілгерілетуге және мемлекетаралық қатынастарды дамытуға жәрдемдеседі», – деді Е. Тұқымов.

Сонымен қатар  директор климаттың өзгеруіне, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға және биоәртүрлілікті сақтауға қатысты мәселелерді де қозғады. «Бұл Азиядағы экологиялық мәселелер туралы білімді арттыруға және оларды шешуде күш біріктіруге көмектеседі», – деді ҚСЗИ директоры.

Сөз соңында Е. Тұқымов Талдау орталықтары форумы міндеттерді айқындау үшін тиімді құрал екенін, сондай-ақ бұл форум мемлекетаралық берік байланыстар орнатуда идеялық генератор бола алатынын айтты.