Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен кездесті

ҚСЗИ директоры «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының қатысушыларымен кездесті

ҚСЗИ-да «Қазақстанның болашақ келбеті» жас сарапшыларды қолдау бағдарламасына қатысушылармен алғашқы кездесу өтті. Іс-шара барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов қатысушыларды бағдарламаның бірінші кезеңіне өтулерімен құттықтап, жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды.

Өз кезегінде байқау қатысушылары өздерінің бэкграундымен, ғылыми қызығушылықтарымен бөлісіп, алдағы тренингтер аясында зерттеу дағдыларын жетілдіруде не күтетінін атап өтті.

Бір ай көлемінде қатысушылар білім беру хабының оқу бағдарламасымен қамтылады. ҚСЗИ-дың жетекші сарапшылары және басқа сараптамалық құрылымдар мен университеттердің өкілдері дәріс беріп, сыртқы және ішкі саясат мәселелері бойынша өздерінің сараптамалық ұстанымдарымен бөліседі.