Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Петербург Халықаралық экономикалық форумының панельдік сессиясына қатысты

ҚСЗИ директоры Петербург Халықаралық экономикалық форумының панельдік сессиясына қатысты

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов 16 маусымда онлайн форматта өткен Петербург Халықаралық экономикалық форумының «Жаһандық стратегиялық жоспарлау: көзқарастар мен перспективалар» панельдік сессиясына қатысты.

Сессия барысында технологиялық жаһандануға, климаттық бейімделуге, қаржы және экономикалық жүйеге, сондай-ақ зерттеу орталықтарының әлеуетіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Е.Тұқымов Қазақстан мен Ресейдің сараптамалық диалогын кеңейту, зерттеулер мен өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын айқындау қажеттілігін атап өтті.