Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында белгілі саясаттанушы Марат Шибутовтың дәрісі өтті

ҚСЗИ қабырғасында белгілі саясаттанушы Марат Шибутовтың дәрісі өтті

Қыркүйектің 7-сі күні белгілі саясаттанушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибутов Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында онлайн дәріс өткізді.

Дәріс статистикалық мәліметтермен жұмыс істеуге арналған. Лектор деректерді жинау және өңдеу әдістерімен бөлісті. Сонымен қатар мәтіндік ақпаратпен жұмыс және материалды визуализациялау туралы сөз қозғады. Кездесу «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабының аясында өтті.

Еске сала кетейік, бағдарлама жас сарапшыларды талдамалық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылып отыр.