Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында БҰҰ Орталық Азия арналған превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысымен кездесу өтті

ҚСЗИ қабырғасында БҰҰ Орталық Азия арналған превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (ОАПДӨО) басшысымен кездесу өтті

2026 жылғы 8 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Жандос Шаймарданов БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ Орталық Азия арналған превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың (ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадземен кездесті.

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері, Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму үдерісі, сондай-ақ өңірдегі превентивтік дипломатияның рөлі талқыланды.

Ж. Шаймарданов ОАПДӨО-ның өңірде диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті. Кездесу барысында ҚСЗИ директоры Қазақстанның жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша ұстанымымен, сондай-ақ елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның барысымен таныстырды.

Тараптар өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттары, С5+1 форматының келешегі, сондай-ақ Орталық Азиядағы орнықтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық институттардың рөлі туралы пікір алмасты.

Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық сараптамалық құрылымдары мен ОАПДӨО арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

К. Имнадзе өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылау тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті. ОАПДӨО басшысы өңірдегі су мәселелерін бірлесіп шешудің өзектілігіне ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу