2026 жылдың 19 наурызы күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ директоры Жандос Шаймардановтың ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ Балалар қоры) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Рашед Мұстафа Сарвармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтар аясында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы балалардың жағдайын мониторингтеу мен бағалау тетіктерін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Балалар мүддесіне бағытталған мемлекеттік саясатты талдамалық сүйемелдеу және осы бағыттағы сарапшылық өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
ҚСЗИ-да халықаралық ұйымдармен, соның ішінде ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық әлеуметтік саясат пен орнықты даму мәселелері бойынша практикалық тұрғыдан бағдарланған тәсілдерді әзірлеуге, сондай-ақ сараптамалық әлеуетті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.
Кездесу мазмұнды пікір алмасуға және балалардың құқықтарын қорғау мен балалы отбасыларды қолдау саласындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.





