2026 жылғы 2 сәуір күні ҚСЗИ-дың бас сарапшысы Әлия Мұсабекова Самарқанд қаласында өткен «China–Central Asia Knowledge Network for Development» халықаралық симпозиумына қатысты.
Іс-шараны Қытайдың халықаралық даму білімдері орталығы (ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелерін зерттеу орталығы) және Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Макроэкономикалық және өңірлік зерттеулер институты бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға Орталық Азия елдері мен Қытайдың мемлекеттік органдары, сараптамалық орталықтары және ғылыми қауымдастығының өкілдері қатысты.
Ә. Мұсабекова өз сөзінде 2026 жылғы наурызда қабылданған Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуының 15-бесжылдық жоспары көршілес мемлекеттермен, соның ішінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты стратегиялық басымдық ретінде бекітетінін атап өтті.
«Егер бұрын ынтымақтастық негізінен сауда мен инфрақұрылым төңірегінде өрбісе, бүгінде білім, технологиялар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеуге негізделген неғұрлым терең модельге көшу байқалып отыр», — деді ол.
Осыған байланысты «China–Central Asia Knowledge Network for Development» атты сарапшылық ынтымақтастықтың жаңа платформасын қалыптастыру айрықша маңызға ие.



