Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ университеттермен ынтымақтастықты кеңейтеді

ҚСЗИ университеттермен ынтымақтастықты кеңейтеді

2023 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрайымы – ректор Лаура Қарабасовамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов институттың еліміздің түрлі өңірлерінде белсенді іс-шаралар өткізуге дайындығы туралы айтты. Осылайша, биыл ҚСЗИ өзінің өңірлік өкілдіктерін ашу бастамасын жүзеге асырып, оның ішінде Ақтөбе қаласында өкілдік ашу жоспарлауда.

Өз кезегінде Лаура Қарабасова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылыми-зерттеу қызметі мен трансформациясына тоқталды. Университет Батыс Қазақстандағы жетекші оқу орындары мен ғылыми орталықтардың бірі болып табылады. Ректор университеттің академиялық саясаты ғылыми зерттеулер мен алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдануды жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.