Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ Жапониямен сарапшылық диалогты нығайтуда

ҚСЗИ Жапониямен сарапшылық диалогты нығайтуда

2026 жылғы 20 қазанда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдігінде Sumitomo Corporation Global Research (Жапония) сарапшылары Хироко Маэда және Антон Горошниковпен кездесу өтті.

Sumitomo Corporation Global Research – Қазақстан нарығында көптеген жылдар бойы жұмыс істеп, елдегі бизнестің түрлі бағыттарын дамытып келе жатқан жапондық сауда-инвестициялық Sumitomo Corporation компаниясының талдау бөлімшесі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ішкі және сыртқы саяси, экономикалық үдерістерді, Қытайдың Орталық Азия елдерімен, атап айтқанда Қазақстанмен қарым-қатынасының дамуын, Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуды, сондай-ақ Орталық Азия төңірегіндегі халықаралық ахуалдағы ауқымды өзгерістерді талқылады. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия – Жапония үшін үлкен қызығушылық тудыратын тұрақты өңір.

Sumitomo Corporation Global Research сарапшыларының Орталық Азия елдеріне зерттеу сапарының мақсаты – өңірдің зерттеу орталықтарымен және жетекші сарапшыларымен іскерлік байланыс орнату, халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, сол арқылы Орталық Азия елдері мен Жапонияның сарапшылық қауымдастықтары мен іскерлік топтарының жақындасуына ықпал ету.

Дайджест жаңалықтарына жазылу