Skip to content
Басты бет » Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің өкілдерімен кездесу

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 16 қаңтарда Назарбаев Университетінің (НУ) қабырғаларында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов пен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Weng Hui-дың кездесуі өтті.

Сұхбат барысында ҚСЗИ мен НУ арасындағы академиялық өзара әрекеттестіктің болашағы, оның ішінде институт қызметкерлерінің қонақ дәрістерінің спикерлері ретінде қатысуы, зерттеулерде, жарияланымдарда бірлесіп жұмыс істеу, тұрақты даму, халықтың өмір сүру сапасы, ұлттық бірегейлік сияқты тақырыптарда дөңгелек үстелдер өткізу мүмкіндігі талқыланды.

Еркін Тұқымов талдамалық орталықтар мен академиялық қоғамдастық арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар әріптестікті дамыту мақсатында диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Академиялық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.