Skip to content
Басты бет » Шигео Катсу ҚСЗИ-ға келді

Шигео Катсу ҚСЗИ-ға келді

2023 жылдың 25 қаңтарында Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сыпайылық сапарымен келіп қайтты. ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Катсу мырзамен кездесу өткізіп, құрылғанына 30 жыл толған институттың негізгі қызметімен және жетістіктерімен таныстырды.

Кездесу барысында Шигео Катсу Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және академиялық орталық ретінде Назарбаев Университеті мен Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы беделді аналитикалық орталық ҚСЗИ арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға үлкен қызығушылық танытты.

Катсу мырза Назарбаев Университетінің әлеуметтік миссиясы және оның жетекші зерттеушілерінің ҚР Ұлттық Банкі мен басқа да мемлекеттік ведомстволардың қызметін академиялық қолдауға қосқан үлесі туралы айтып берді.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов саладағы қос жетекші ұйымның әлеуетінің жаңа мүмкіндіктерін атап өтіп, ҚСЗИ-дың еліміздің академиялық орталықтарымен өзара іс-қимылын нығайтуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің Қазақстанның адами әлеуетін дамытуға қосқан іргелі үлесіне тоқталып, ҚСЗИ-дың бірқатар жетекші ғылыми қызметкерлері Университет түлектері екенін еске салды. Бұдан бөлек Еркін Тұқымов Назарбаев Университетін ҚСЗИ-дың жас сарапшыларды қолдауға бағытталған флагмандық бағдарламасына қатысуға шақырды.

Кездесу соңында қос тарап өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келіп, Катсу мырза институт басшысы Еркін Тұқымовты Назарбаев Университетіне сыпайылық кездесуге шақырды.