Skip to content
Басты бет » Жаңа Конституцияның қабылдануына орай ҚСЗИ басшылығы мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай ҚСЗИ басшылығы мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды: Институт директоры Жандос Шаймарданов «Парасат» орденімен наградталса, саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаеваға елдің саяси және қоғамдық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.

Марапаттарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыстап, награда иелерін құттықтап, олардың елдің стратегиялық дамуын ғылыми-сараптамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол азаматтардың референдумда жаңа Конституцияны қабылдауы қоғамның президенттік реформалар бағыты төңірегінде жоғары деңгейде топтасқанын тағы бір мәрте растағанын атап өтті.

ҚСЗИ қызметкерлерін марапаттау Институттың қоғамдық-саяси реформаларды талдау және сараптамалық сүйемелдеудегі маңызды рөлінің айқын көрінісі.

Дайджест жаңалықтарына жазылу