ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті.
Кездесу барысында жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда Таяу Шығыстағы ахуал, өңіраралық ынтымақтастық, сондай-ақ екі жақты деңгейдегі өзара әрекеттестік жолдары талқыланды.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Иран Қазақстанның маңызды географиялық және мәдени-тарихи көршісі екенін, сондай-ақ бұл елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылға ықпал ететінін атап өтті.
Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукари өз кезегінде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын, сонымен қатар екі елдің сарапшылар қауымдастығындағы өзара мүдделілікке назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қос ел арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді.