Skip to content
Басты бет » Қазақстан және Иран: дипломатиялық байланыстарды нығайту

Қазақстан және Иран: дипломатиялық байланыстарды нығайту

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті.

Кездесу барысында жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер, атап айтқанда Таяу Шығыстағы ахуал, өңіраралық ынтымақтастық, сондай-ақ екі жақты деңгейдегі өзара әрекеттестік жолдары талқыланды.

ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Иран Қазақстанның маңызды географиялық және мәдени-тарихи көршісі екенін, сондай-ақ бұл елдер арасындағы экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылға ықпал ететінін атап өтті.

Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукари өз кезегінде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын, сонымен қатар екі елдің сарапшылар қауымдастығындағы өзара мүдделілікке назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қос ел арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді.