Skip to content
Басты бет » Аралас сайлау жүйесі және партияларды белсендіру

Аралас сайлау жүйесі және партияларды белсендіру

Қазақстан – «көпшіліктің» елі. Бүгінде елімізде көптеген этностар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұған себеп – географиялық аумақтың кеңдігі. Бұл әр аймақтың орналасқан жеріне байланысты экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. қажеттіліктеріне назар аудартады. Мысалы, бір аймақта кедендік және басқа да сауда-саттық құқықтық реттеу қатынастарға қатысты нарыққа тек белгілі бір өнімді ғана шығаруға болса, енді бір жерде аймақтың өндірістік ерекшеліктеріне байланысты экологиялық реттеуге қызығушылық танытуы мүмкін және т.б.

Пропорционалды-мажоритарлық жүйе әлеуметтік-географиялық репрезентативтілік тепе-теңдігінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті. Ол сайлаудың траекториясын айқындап, партиялардың сайлау алдындағы стратегияларына және сайлаушылардың қатысуына айтарлықтай әсер етеді.

Мұндай жүйеде партиялар өздерін жеткілікті ауқымды перспективада көрсетуге мүмкіндік алады. Аралас сайлау жүйесінің пропорционалды құрамдас бөлігі сайлауалды тұғырнаманы нақтылау арқылы партияларға ортақ дауыс жинауға, қолдауға ие болуға мүмкіндік береді. Партиялар үшін бұл маңызды, себебі мұндай сенім партияның өзектілігін, саяси күн тәртібін және заңнамалық саладағы әрекеттер алгоритмін растайды.

Екінші жағынан, партияның бір мандатты округтер арқылы қатысуы оның жергілікті мүдделерді қорғауға, жағдайға қарай әрекет етуге, қоғаммен тікелей жұмыс істеуге дайын екенін көрсетеді. Аудандағы депутат мандатын қайтарып алу тетігі партиялық депутаттарды белсенді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл да пропорционалды-мажоритарлық жүйенің бір артықшылығы.

Сондай-ақ партиялар халықтың пікірін, олардың әлеуметтік көңіл-күйі мен сұраныстарын бақылау тетіктерін білдіретінін ескерсек, партиялық өкілділіктің әлдеқайда кең болуы маңызды. Бұл бұрыннан бар және жаңа партияларға да қатысты. Бұл өкілдік сайлауалды бағдарламалардың сапасы мен өзектілігіне әсер етеді.

Барлық деңгейде үлкен ресурстарды пайдалана отырып, партиялар сайлауды белсенді ақпараттық қамтуға ықпал етеді. Қоғамды қызықтырып, сайлаушыларды тарту үшін де жұмыс істей алатын белсенді дискурсивті өрісті қалыптастырады.

Осылайша, пропорционалды-мажоритарлық жүйе бірқатар артықшылықтарға ие бола отырып, Қазақстанның саяси өрісін күшейтіп, халық мүдделерінің кең көлемде жинақталуына ықпал етеді.

 

Татьяна Липина,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

жетекші сарапшысы