Skip to content
Басты бет » Ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық

Ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтастық

ҚСЗИ-дың талдау орталығы мен академиялық қоғамдастық арасындағы байланысты нығайту жөніндегі бастамалары

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында білім беру жүйесін трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті: «Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек. Ұлттық экономиканың бірқатар саласында кадр тапшылығы қатты сезілуде. Әсіресе, техникалық және жұмысшы мамандар жетіспейді. Сондықтан осы салаларға қатысты білім берумен мықтап айналысқан жөн. Оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы қажет. Қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді», – деді ол.

Президент IT-саласы, білім беру және су ресурстары саласындағы білікті мамандарды даярлауды дамыту қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың пікірінше, Президенттің 2029 жылға қарай ұлттық экономиканы 450 миллиард долларға жеткізу жөніндегі міндеті адами капиталды дамытудың жаңа саясатын талап етеді. «Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін білікті саясаттанушылардың, салалық экономистер мен талдаушылардың жетіспеушілігі мәселесін шешу қажет; ҒЗТКЖ шеңберінде пысықтау және өзара әрекеттестік, елдік зерттеуде ҒЗИ-мен өзара іс-қимыл қажет», – деді Е. Тұқымов.

Еркін Тұқымовтың пікірі бойынша, жоғары білікті «ақ және көк жағалыларсыз» білім экономикасына көшу қиын, тіпті мүмкін емес болады. «Бізге шынайы автономды және беделді зерттеу университеттері, сапалы және тең орта білім, ЖІӨ-нің 1%-ынан асатын ғылымға инвестиция қажет», – деді ол.

ҚСЗИ мен академиялық қоғамдастық арасындағы байланысты нығайту мақсатында Еркін Тұқымов еліміздің ғылыми және білім беру ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында елдік зерттеулер бойынша бағыттарды дамыту, оларды зерделеу үшін іргелі мектептер ашу қажеттігі атап өтілді. Зерттеу және ғылыми ұйымдар арасындағы өзара байланыстың жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың, талдаушылардың, ғылыми басылымдардың жетіспеушілігі, сондай-ақ академиялық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі мәселесіне ерекше назар аударылды.

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің өкілдерімен кездесу

Назарбаев Университетінің (НУ) қабырғаларында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов пен Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Weng Hui ҚСЗИ мен НУ арасындағы академиялық өзара әрекеттестіктің болашағы, оның ішінде институт қызметкерлерінің қонақ дәрістерінің спикерлері ретінде қатысуы, зерттеулерде, жарияланымдарда бірлесіп жұмыс істеу, тұрақты даму, халықтың өмір сүру сапасы, ұлттық бірегейлік сияқты тақырыптарда дөңгелек үстелдер өткізу мүмкіндігін талқылады. Тараптар әріптестікті дамыту мақсатында диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚСЗИ және Нархоз: ынтымақтастықты дамыту және нығайту

Алматыдағы жұмыс кездесуі барысында Еркін Тұқымов Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленовпен ғылыми зерттеулердегі әріптестік перспективалары мен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. ҚСЗИ мен Нархоз зерттеу және академиялық сараптама мен өз ресурстарын біріктіруге ниетті. Мысалы, Нархоз университетінің базасында Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институты, Тұрақты даму институты және басқа да бірқатар ғылыми бөлімшелер, сондай-ақ Экономика және менеджмент мектебі, Құқық және мемлекеттік басқару мектебі, Цифрлық технологиялар мектебі, Бизнес мектебі, Гуманитарлық мектеп жұмыс істейді. Олардың білім беру бағдарламаларына теориямен практикалық оқыту, зерттеу, қолданбалы және ғылыми жұмыстар кіреді. Сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін Нархоз жоғары білікті тәлімгерлерді тартады. Университетте Marek Jochec (Марек Йохец), Teach for Narxoz (Чехия) бағдарламасы бойынша профессор; Исабаев Мұрат, PhD докторы, қауымдастырылған зерттеуші профессор; Өскенбаев Есенғали, «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторы. Олардың барлығы студенттерге құнды тәжірибе береді.

КИМЭП Университетімен ынтымақтастық

КИМЭП Университетінің президенті Чан Йан Бэнгпен жан-жақты пікір алмасу нәтижесінде мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында тұрақты байланыстар орнату және жан-жақты білім беру және ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Айта кететін жайт, ҚСЗИ мен КИМЭП Университеті өткен жылдың қараша айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.