Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында бірқатар кездесулер өтті

ҚСЗИ-да Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында бірқатар кездесулер өтті

2022 жылдың 13 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында ҚСЗИ басшылығы француз және ресей делегацияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Кристоф Посельмен кездесу барысында конфессияаралық диалог, діни радикалдану және қазіргі әлемдегі дерадикалдану мәселелері талқыланды.

ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев институттың қызметі, жүргізіліп жатқан зерттеулердің негізгі бағыттары туралы баяндап, дінаралық диалогты дамыту тұрғысынан Францияның көпжылдық тәжірибесі пайдалы екенін атап өтті.

Жан-Кристоф Посель Дін мәселелері жөніндегі кеңесші лауазымындағы өз жұмысының ерекшелігі туралы айтып, араб-мұсылман әлемі елдеріндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ ҚСЗИ қабырғасында М.В.Ломоносов атындағы ММУ саясаттану факультетінің мемлекеттік саясат кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Владимир Иванович Якунинмен кездесу өтті.

Кездесудің қатысушылары әлемдік саясат, өңірлік қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен трансформациясы туралы пікір алмасып, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.