Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Қазақстан мен Малайзия арасындағы сараптамалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚСЗИ-да Қазақстан мен Малайзия арасындағы сараптамалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

23 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов пен «Perdana Dialogue Foundation» басқару, даму және өркениет мәселелері жөніндегі халықаралық тәуелсіз талдау орталығының жетекшісі Мохамад Рафии Юсофф кездесу өткізді.

Талдамалық орталықтың негізін қалаушы және төрағасы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Тун доктор Махатхир Мохамад. Іс-шара қатысушылары сараптамалық өзара әрекеттестіктің принциптері мен перспективаларын талқылады.