Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Корея Республикасының Елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Корея Республикасының Елшісімен кездесу өтті

2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) институт директоры Жандос Шаймардановтың Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Ки Хонмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сарапшылық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және сараптамалық іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

«Корея Республикасы Қазақстанның экономикалық дипломатиясындағы маңызды бағыттардың бірі және бүгінгі таңда еліміздің ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Осыған байланысты алдағы «Орталық Азия – Корея Республикасы” саммитінің маңызы ерекше. Бұл форматтың Оңтүстік Корея мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге зор әлеуеті бар екеніне сенімдіміз», – деді ҚСЗИ директоры.

Кездесу барысында Корея Республикасының Қазақстанға және Орталық Азия елдеріне қатысты сыртқы саяси басымдықтарына, сондай-ақ өңірдегі көпжақты ынтымақтастық форматтарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Корея Республикасының сарапшылық қауымдастықтары арасындағы әріптестік байланыстарды одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге өзара мүдделілік танытатынын растады.

Дайджест жаңалықтарына жазылу