Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің талдау орталықтарының форумына қатысты

ҚСЗИ директоры Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің талдау орталықтарының форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің талдау орталықтарының онлайн-форумына қатысты.

Іс-шара Парсы шығанағындағы араб елдері, Орталық Азия, сондай-ақ Әзербайжанның жетекші талдау орталықтарының өкілдерін біріктірді. Форум жұмысына халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері де қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Джасем Мохаммед Әл-Будайви болды.

Талқылау барысында қатысушылар Ирандағы қақтығыс пен Ормуз бұғазының блокадасы аясындағы өңірдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен ПШАМЫК арасындағы өзара іс-қимыл сценарийлерін, қазіргі жаһандық экономиканың сын-қатерлеріне жауап беретін жаңа тұрақты кросс-өңірлік ынтымақтастық және даму архитектурасын қалыптастыру перспективаларын талқылады.

Өз сөзінде Жандос Шаймарданов Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағы мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Негізгі ынтымақтастық бағыттары ретінде көлік-логистика дәліздерін дамыту, агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өндірісі, сыни материалдар саласы, сондай-ақ «жасыл» энергетика көрсетілді.

ҚСЗИ директорының айтуынша, Қазақстан елеулі бәсекелік артықшылықтарға ие және Парсы шығанағы елдерінің бизнес-қоғамдастықтарымен инвестициялар тарту мен әріптестіктің жаңа нысандарын қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі – құрамына Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Кувейт, Оман және Бахрейн кіретін өңірлік ұйым. Ұйымның мақсаты – экономика, қаржы, сауда және қауіпсіздік салаларындағы интеграция мен үйлестіру.

Дайджест жаңалықтарына жазылу