Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры «Примаков оқулары» форумына қатысты 

ҚСЗИ директоры «Примаков оқулары» форумына қатысты 

2022 жылдың 6 желтоқсанында Мәскеу қаласында «Примаков оқулары» VIII Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумы өтті. Сегізінші форумның тақырыбы Еуразиялық өлшемдегі әлемдік тәртіпті өзгертуге арналды.

Бірінші сессия барысында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов «Тұрақсыздық дәуіріндегі Еуразиялық процесс: Қазақстан көзқарасы» тақырыбында баяндама жасады.

Үлкен Еуразия кеңістігінде болып жатқан өзгерістер халықаралық сауда жүйесіне айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Соның салдарынан жеткізу тізбегінің үзілуі байқалып, сыртқы нарықтардағы құбылмалылық күшейе түсуде.

ҚСЗИ директорының айтуынша, болашақтағы кез келген жүйелі сын-қатерлерге мықты мемлекеттік институттар мен сыртқы және ішкі күйзелістерге үлкен төзімділігі мен бейімделгіштігі бар проактивті экономикалық саясат жауап болуы тиіс.

Еуразиялық процестің перспективаларына қатысты ЕАЭО-дағы процесті артық саясаттандырмай, ынтымақтастықтың экономикалық аспектілеріне назар аударып, әлемнің басқа өңірлерімен байланыс орнатуға басымдық беру туралы пікір айтылды.