Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры «Примаков оқулары» IX Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумына қатысты

ҚСЗИ директоры «Примаков оқулары» IX Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумына қатысты

ҚСЗИ директоры «Примаков оқулары» IX Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумына қатысты

2023 жылғы 27-28 қарашада Мәскеу қаласында «Жаһанданудан кейінгі көкжиектер» тақырыбында IX Халықаралық ғылыми-сараптамалық «Примаков оқулары» форумы өтті.

Примаков оқулары – Ресей сарапшылар қауымдастығындағы жылдың басты оқиғаларының бірі. Форум 2015 жылдан бері өткізіліп, Ресей мен Шығыс Еуропадағы әлемдік экономика, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың жыл сайынғы халықаралық конференциясына айналды. Форум аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, саясаткерлер мен дипломаттар әлемдік даму үрдістері туралы ашық диалог жүргізеді.

Биыл форумға Ресейдің, посткеңестік кеңістіктің, Азияның, Таяу және Орта Шығыс елдерінің халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика саласындағы танымал саясаттанушылар, ғалымдар, сарапшылар жиналды. ҚСЗИ атынан іс-шараға директор Еркін Тұқымов және директор орынбасары Асқар Нұрша қатысты.

ҚСЗИ директоры Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму жиегі туралы баяндама жасады. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Ресей президенті В.Путиннің жақында Астана қаласында өткен кездесуіне назар аударылып, елдер басшылығы арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі теңдестірілуі туралы өзара түсіністіктің бар екені атап өтілді.

Еркін Тұқымовтың пайымдауынша, қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында дипломатияның екінші жолы арқылы сараптамалық диалогты қолдау қажет.