Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ қабырғасында Бразилия Елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ қабырғасында Бразилия Елшісімен кездесу өтті

2026 жылғы 20 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚСЗИ директоры Жандос Шаймардановтың Қазақстан Республикасындағы Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсель Биатомен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасты.

Марсель Биато Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықты, әсіресе ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, жаңа технологиялар және жасанды интеллект салаларында одан әрі кеңейтудің маңыздылығына тоқталы.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы екіжақты байланыстарды прагматикалық әрі өзара тиімді негізде одан әрі нығайтуға барлық алғышарттардың бар екенін атап өтті.

Қатысушылар сондай-ақ Қазақстан мен Бразилияның академиялық және талдамалық орталықтары арасындағы жан-жақты әріптестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылап, сарапшылық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу бастамаларын ілгерілетуге дайын екендерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытып, Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етуге дайын екендерін растады.

Дайджест жаңалықтарына жазылу