Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ мен Нархоз университеті ынтымақтастық туралы келісімге келді

ҚСЗИ мен Нархоз университеті ынтымақтастық туралы келісімге келді

2026 жылғы 1–2 маусымда Алматы қаласында өтіп жатқан «Цифрлық дәуірегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер» атты әлеуметтанушылар форумы аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Нархоз университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов және Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахмет қатысты.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын талқылап, ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға мүдделі екенін білдірді. Келісім тұрақты байланыстар орнатуды, бірлескен білім беру, ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдамалық жобаларды жүзеге асыруды, сондай-ақ тәжірибе мен білім алмасуды көздейді.

Аталған ынтымақтастық екі ұйым арасындағы сараптамалық және академиялық қауымдастықтардың байланысын нығайтуға, ғылыми-практикалық зерттеулерді дамытуға және мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуге ықпал етуге бағытталған.

Меморандумда құжатқа қол қою ғылым, білім және талдамалық қызмет салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге және екі тарап үшін де өзекті бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз болатыны атап өтілген.

Айта кетейік, ҚСЗИ мен Нархоз университеті «Цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер» атты әлеуметтанушылар форумының ұйымдастырушылары болып табылады.

Дайджест жаңалықтарына жазылу