11 ақпан күні Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қазақстандағы конституциялық референдум: саяси жүйені жаңғыртудың маңызды кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Стратегиялық талдау бөлімінің басшысы Елнар Берікбаев «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы өнер мен білім саласындағы оң өзгерістер» тақырыбында баяндама жасады.
Спикердің айтуынша, жаңа Конституция жобасы өнер мен білім саласына түбегейлі жаңа көзқарас қалыптастырады. Атап айтқанда, Преамбулада мемлекеттің мәдениет, білім, ғылым және инновациялар құндылықтарына басымдық беретіні нақты айқындалған. Осылайша мәдениет пен білім қосалқы әлеуметтік бағыттар ретінде емес, мемлекеттік құрылымның құндылықтық негізі ретінде бекітіледі.
Сонымен қатар жобаның 1, 33 және 40-баптары Преамбула ережелерімен жүйелі байланыста қарастырылып, мәдениет пен білімді адами капиталды дамыту мен елдің ұзақ мерзімді прогресінің стратегиялық ресурсы ретінде айқындайды.
Дөңгелек үстел мазмұнды пікірталас форматында өтіп, конституциялық реформаны талқылауда сараптамалық алаңдардың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.


