Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына дәріс оқыды

ҚСЗИ сарапшысы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына дәріс оқыды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Экономикалық зерттеулердің өзекті тақырыптары мен зерттеу әдістері: институт тәжірибесі» дәрісі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары қатысты.

Дәрісті ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің бас сарапшысы Жанна Булхаирова оқыды. Ол институттағы экономикалық зерттеулердің негізгі бағыттарымен таныстырды, талдау жұмысында қолданылатын әдістер туралы айтты және сараптамалық материалдар әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, экономикалық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.

Мұндай кездесулер институт пен елдің жетекші білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастардың ғылыми-сараптамалық қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Дайджест жаңалықтарына жазылу