Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ және Нархоз: ынтымақтастықты дамыту және нығайту

ҚСЗИ және Нархоз: ынтымақтастықты дамыту және нығайту

2024 жылғы 19 қаңтарда Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Еркін Тұқымов Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленовпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестіктің болашағы және ынтымақтастықты нығайту жөніндегі нақты қадамдар талқыланды. Осы мақсаттарға жету үшін ҚСЗИ мен Нархоз зерттеу және академиялық сараптаманы, сондай-ақ екі ұйымның ресурстарын біріктіруге ниетті.