Skip to content
Басты бет » Жаңа конституциялық заңдағы ономастикалық комиссиялардың ерекше мәртебесі

Жаңа конституциялық заңдағы ономастикалық комиссиялардың ерекше мәртебесі

Бүгін Мемлекет басшысы әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін қамтитын Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы Конституциялық заңға қол қойды. Құжаттың басты мақсаты – тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

Конституциялық заң әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру және тарату, олардың шекараларын белгілеу және өзгерту, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және оларды қайта атау тәртібін, сондай-ақ басқа да мәселелерді айқындайды. Осылайша, қалаларға, аудандарға және басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау мәселелері реттеудің жаңа деңгейіне шығады.

Ономастика мәселелері тарихты, ұжымдық жадты, мәдени бірегейлікті көрсетеді. Сондықтан олар көбіне қоғамдық пікірталастардың нысанына айналады.

Бұрынғы қағидаларға сәйкес қайта атау туралы шешімдер тиісті қоғамдық талқылаусыз қабылдануы мүмкін еді. Жаңа конституциялық заңға сәйкес облыстардың, аудандардың және қалалардың атауларына қатысты мәселелер енді ономастикалық комиссияның сараптамалық бағалауынсыз шешіле алмайды. Көрнекті тұлғалардың есімдерін объектілерге беру мәселесіне де жеке назар аударылады. Бұл мәселе дәстүрлі түрде ең көп пікірталас тудырған тақырыптардың бірі болды, өйткені жекелеген өңірлік немесе рулық топтардың өз ата-бабаларының есімдерін қоғамдық кеңістікте бекіту әрекетіне айналуы мүмкін еді. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, көптеген елдерде географиялық атауларға қатысты шешімдер тарихшылармен, лингвистермен және жергілікті қауымдастықтармен консультациялардан кейін қабылданады. Осылайша, бұдан былай елді мекендер мен объектілердің атауларын кез келген өзгерту бейберекет жүзеге аспай, тарихи және мәдени контекст ескеріле отырып өзгертілуі мүмкін.

Акесина Айдана,

Стратегиялық талдау бөлімінің бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты