Skip to content
Басты бет » Жас сарапшылар топтық талдамалық баяндамаларын таныстырды

Жас сарапшылар топтық талдамалық баяндамаларын таныстырды

2023 жылдың 4 мамырында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында 2023 жылға арналған «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» жас сарапшыларды қолдау  бағдарламасының қатысушылары конкурстық комиссия алдында топтық талдамалық баяндамаларын таныстырды.

­Өткен ай ішінде жас сарапшылар білім беру модулі аясындағы дәрістерге қатысып, менторлардың жетекшілігімен топтарға бөлініп, келесі тақырыптарға зерттеулер жүргізді:

  • «2023 жылғы әлемдік экономиканың сын-қатерлері: Қазақстанға әсері».
  • «Қазақстанның азиялық бағыттағы халықаралық ұйымдардағы басымдықтары».
  • «Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық реформа».
  • «Өңірлік мәслихаттардың жаңа шақырылымының сапалық құрамын талдау».
  • «Жастардың азаматтық белсенділігінің ерекшеліктері».

Таныстырылым соңында әр топ зерттеу жұмысына қатысты фидбэк алды. Конкурстық комиссия ұжымдық баяндамалардың мықты жақтарына тоқталды. Сондай-ақ осы жұмыстарды аналитикалық жазбалар, ғылыми мақалалар және конференцияларда тезис ретінде қолданып, одан әрі ілгерілету мүмкіндіктеріне назар аударды.

Еске сала кетейік, бағдарламаның мақсаты – отандық жас сарапшыларды сараптамалық және ғылыми-зерттеу саласында бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсету.

Бағдарламаның келесі кезеңі – жеке талдамалық баяндамаларды дайындау. Білім беру модулі аясындағы тренингтер мен семинарлар барысында қалыптасқан зерттеу дағдылары жас сарапшыларға жеке баяндама жазу кезінде өз септігін тигізеді.